Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мұнай-газ саласындағы отандық өндірушілерді қолдауды күшейтуде

10.04.2026

ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Жиында мұнай-газ саласындағы елішілік құндылықты дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері қаралды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев ҚМГ үшін жергілікті қамтуды ұлғайту мен тауарларды ел ішінде өндіру — стратегиялық басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

— ҚазМұнайГаз ұлттық компания ретінде елішілік құндылықты дамытудың негізгі қозғаушы күші қызметін жалғастыруда. Біз міндеттерімізді орындап қана қоймай, экономиканы нығайту және отандық бизнесті қолдау үшін жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз, — деді ол. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша отандық жеткізушілер мен өндірушілерден сатып алу үлесі 93% жетті, оның ішінде тауарлар бойынша бұл көрсеткіш 70%, ал жұмыстар мен қызметтер бойынша 97% құрады. 

ҚМГ-ның жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бар еншілес компанияларда қазақстандық жеткізушілерден сатып алу үлесі 97% жеткені жеке атап өтілді. Елішілік құндылық тауарлар бойынша 55%, ал жұмыстар мен қызметтер бойынша 95% болды.

Қ.Есқазиевтің айтуынша, 2025 жылы ҚазМұнайГаз компаниялар тобы 5 504 қазақстандық компаниямен келісімшарт жасасты. Осы ұйымдарда жалпы саны 200 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл ҚМГ-ның халықты жұмыспен қамтудағы маңызды рөлін айқындайды. Сатып алулардың негізгі көлемі Маңғыстау және Атырау облыстарының жеткізушілеріне тиесілі, онда 50 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар ұлттық компания отандық өндірушілерді офтейк-келісімшарт тетігі арқылы қолдап отыр. ҚМГ 2025 жылы шамамен 16 млрд теңге сомасына осындай 124 келісімшарт жасасты. 2019 жылдан бері барлығы 78 млрд теңгеге 481 келісімшартқа қол қойылды. 

Жаңаөзен қаласын қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. 2025 жылы қала кәсіпорындары ҚМГ үшін шамамен 200 млрд теңгеге тауарлар мен қызметтерді жеткізіп, 7 300-ден астам адам жұмыспен қамтылды. 

Сондай-ақ Жаңаөзенде «Каскор-Машзавод» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру зауытының құрылысы аяқталды. Инвестиция көлемі 17 млрд теңгені құрады. Негізгі тапсырыс беруші — «Өзенмұнайгаз» АҚ Компаниямен сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын жеткізуге 2025–2028 жылдарға арналған ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>